IETF - Интернеттің инженерлік кеңесі

admin 2018-07-25 Қысқаша

Интернеттің инженерлік кеңесі (ағылш. Internet Engineering Task Force, IETF) — жобалаушылар, ғалымдар, тораптық операторлар мен провайдерлердің халықаралық қауымдастығы. 1986 жылы IAB құрылды. Содан бері Интернеттің хаттамалары мен құрлымын дамытумен айна...

Сайттағы барлық жобалар тегін қолданысқа берілген, жоба авторы Естен Ербол

IETF - Интернеттің инженерлік кеңесі

Интернеттің инженерлік кеңесі (ағылш. Internet Engineering Task Force, IETF) — жобалаушылар, ғалымдар, тораптық операторлар мен провайдерлердің халықаралық қауымдастығы. 1986 жылы IAB құрылды. Содан бері Интернеттің хаттамалары мен құрлымын дамытумен айналысады. 
Бүкіл техникалық жұмыстарIETF-тің жұмыс топтарында жасалады. Олардың әрбірі нақты бір тақырыппен шұғылданады (мысалы, маршрут қою, ақпаратты тасымалдау, қауіпсіздік және т.б.). Негізгі жұмыс поштамен жіберуге саяды. Бірақ жылына үш рет IETF жиындары болып тұрады. 
Жұмыс топтарының қызметінің нәтижесі жұмыс жобасы (ағылш. Internet drafts)ретінде тіркеледі. Сосын оны ISOC жаңа стандарттарды кодтау үшін пайдаланады.
  
IETF мақсаты (RFC 4677 сәйкес):
* Интернетті ұйымдастырудағы техникалық аспектілерде түйткілді анықтау мен шешім ұсыну;
* Интернеттің хаттамаларының жалпы сәулеттік ұстанымдарына сәйкес спецификация мен стандарттар, келісімдерді жасау;
* Стандарттаудың хаттамаларына қатысты кеңестерді Internet Engineering Steering Group (IESG) жиындарына ұсыну;
* Internet Research Task Force (IRTF) жасап шығарып жатқан технологиялар мен стандарттардың кеңінен таралуына ықпал ету; 
* Интернет қауымдастық арасында ғалымдар, өндірушілер, жасап шығарушылар, қолданушылар, арнаулы қызмет пен құрылғы өндірушілер, тораптық әкімшілердің өзара ақпарат алмасуына мүмкіндік туғызатын * дискуссиялар ұйымдастыру; 
* Функционалдық; 
IETF мақсаты Интернеттің жұмысын жақсартуға бағытталған. Ол үшін жоғары сапалы, техникалық маңызы зор құжаттар жасау керек. Оның бәрі адамдардың Интернет үшін, оны басқару мен қолдану үшін бір нәрсе ойлап табуына әсер етеді. 
IETF бұл мақсатына төмендегі ұстанымдарына сай жетіп келеді. 
 
Ұстанымдары
* Ашық пікірлесу (ағылш. open process)
Қызығушылығы бар кез келген адам өнім жасау жұмысына атсалысуға құқылы, қандай шешімдер қабылданатынын білуіне болады. Жасалып жатқан дүниеге байланысты өз пікірін білдіре алады. Бұл ұстанымның бір шарты IETF өзіне жүктейтін жауапкершілігі болса керек. Яғни, Интернетті қолжетімді ету, жұмыс тобына ондағы құжаттарды, пошта сілтемелерін, қатысушылар тізімі мен жиналыстың хаттамасын ашық қалдыру. 
 
* Техникалық жауапкершілік (ағылш. technicalcompetence)
* IETF сауалдарды талқылап, солардың нәтижесінде керекті құжаттарды шығаруға жауапты. 
* IETF кезкелген дереккөзінен келген маңызды ақпаратқа сенуге құқылы. 
* IETF жұмыстарының нәтижесі тораптық технологиялар ұстанымдарына, яғни «техникалық сапаға» сайкеледі деп алдын ала болжанған. 
 
* Волонтёрлік (ағылш. volunteercore)
IETF қатысушылары мен ұйымдастырушылары — IETF қосылатын адамдар, себебі, олар IETF-тің «Интернет жұмысын жақсарту» мақсатын орындауға күш салушылар. 
 
* «Ықтимал келісім» (ағылш.roughconsensus) және орындалатын код (ағылш. runningcode). 
Стандарттар қатысушылардың ортақ инженерлік (техникалық) бағалауымен жасалады. Қатысушылардың өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып мұрагерлікке беріліп, жасалатын спецификацияларды пайдаланады. 
 
* Авторлық құқық(ағылш. protocolownership)
Функцияға не хаттамаға авторлық құқықты өзіне жазған соң IETF хаттаманың әр қырына жауапты. Тіпті кей тараулары Интернетте көбіне көрінбейтін, не мүлде көрініс таппайтын болса да.
Егер IETF керісінше хаттамаға не функцияға жауапты болмаса, онда оны бақылап, қадағаламайтын болады. Тіпті ол Интернетке әсер етсе, не ықпал жүргізсе де.
 
Естен Ербол 
Бағдарламашы

Esten TechIETF - Интернеттің инженерлік кеңесі

Барлық құқықтар қорғалған

HTML5 Дегеніміз не?
IETF - Мазмұны және түйткілдер

Ұқсас тақырыптар