HTML5 Дегеніміз не?

admin 2018-07-23 Қысқаша

HTML5 - әлемдік тордың мазмұнын тиянақтау мен құрылымының тілі....

Сайттағы барлық жобалар тегін қолданысқа берілген, жоба авторы Естен Ербол

HTML5

HTML5 - әлемдік тордың мазмұнын тиянақтау мен құрылымының тілі. Бұл HTML-дың осымен бесінші нұсқасы. Бұл стандарт тек 2014 (оның алдындағы төртінші нұсқасы 1999 жылы шыққан) жылы аяқталғанмен (қолдануға кеңес етілген нұсқасы), 2013 жылдан бастап браузерлер оны белсенді қолданып келді. Ал, өндірушілер – жұмыс стандарты ретінде қолданды (HTML Living Standard). HTML5 жасаудың басты мақсаты – мультимедиа-технологиялардың бір сәтте оқылып, сол сәтте сәйкес кері байланысының сақталу деңгейін жақсартуға бағытталған. Адам үшін кодтың ыңғайлы оқылуы, парсерлерге талдау жасауды оңайлату.
 
Әлемдік торда ұзақ уақыт бойы HTML 4.01, XHTML 1.0 және XHTML 1.1. нұсқалары қолданыста болды. Веб-парақшалар іс жүзінде әр түрлі спецификалар ұсынған ерекшеліктер топтамасын қолдану арқылы беттелген. Оның ішінде бағдарламалық өнімдер, мысалы веб-браузерлер, оған қоса қалыптасқан жалпыға ортақ тәсілдер баршылық. HTML5 белгілеудің бірегей тілі ретінде жасалды. Ол HTML және XHTML синтаксистік шамасын үйлестіреді. Құжаттың шамасын жақсартып, ұтымды етеді, кеңейтеді. Оған қоса күрделі веб-қосымшалар үшін бірегей API қосады.
 
HTML5-те көптеген жаңа синтаксистік ерекшеліктер жүзеге асқан. Мысалы, <video>, <audio> және <canvas> сынды элементтер, оған қоса SVG мен математикалық формулаларды қолдану мүмкіндігі пайда болды. Бұл жаңашылдықтың бәрі тордағы графикалық және мультимедиалық нысандарды сырттай API мен плагиндерсіз-ақ жасап және басқаруға ыңғайлы етті. Мәселен, <section>, <article>, <header> және <nav> сынды басқалай жаңа элементтер құжаттың (беттің) мазмұнынсемантикалық тұрғыда байытуға бағытталған. Жаңа атрибуттар да сол мақсатпен жасалды. Алайда арасында бірнеше элементтер мен атрибуттар өшірілді. Кейбір элементтер <a>, <menu> және <cite> сынды элементтер өзгертілді, қайта анықталып жасалды, не стандартталды. 
 
API мен DOM - HTML5 спецификасының негізгі бөліктеріне айналды. HTML5 беттеудегі кейбір ерекше өңдеуді де анықтап отырады. Сондықтан синтаксистік қателік - сәйкестігі бар барлық браузерлермен бірдей қарастырылуы тиіс.
 
Естен Ербол

Esten TechHTML5 Дегеніміз не?

Барлық құқықтар қорғалған

Қатені өңдеу және HTML5-тің HTML4.01 пен XHTML1.0 айырмашылығы
IETF - Интернеттің инженерлік кеңесі

Ұқсас тақырыптар