IETF - Мазмұны және түйткілдер

admin 2018-07-30 Қысқаша

Ұйым өскен сайын оның қызмет көрсету саласы айтарлықтай өзгеріп отырды. Алайда негізгі байланысу механизмі сол қалпында қалады ......

Сайттағы барлық жобалар тегін қолданысқа берілген, жоба авторы Естен Ербол

Мазмұны

Ұйым өскен сайын оның қызмет көрсету саласы айтарлықтай өзгеріп отырды. Алайда негізгі байланысу механизмі сол қалпында қалады:  
1.Жұмысшы (шала) техникалық есептерді (спецификацияларды) жариялау;
2.Қатысушылардың талдауы мен тәуелсіз тестілеуі;
3.Қайталап жариялау.
IETF үшін стандарттауға лайық спецификация-үміткерді анықтау үшін функционалдыүйлесімділік (өзара байланыстың мүмкіндігі) ең басты тексеріс боп шығады.Спецификациялардың көпшілігі тығыз байланысқа жүйеге емес, бір реттік хаттамаларға бағытталған. Ал бұл өз кезегінде:  
* мұндай хаттамаларды әр түрлі жүйелерде қолдануға болады;
* толыққанды сәулет жасаушыларға стандарттарды бірнеше рет қолдануға болады (мысалы, 3GPP, IMS).
 
Себебі, IETF ұйым болып табылмайды (кәсіпорын), Интернет қауымдастық IETF және оған жанама қауымдастықтарды (IAB, IRTF және т.б.) қаржылай және құқықтық тұрғыда қамтамасыз етеді. Жуырда IETF -  IETFТрестін құрды. Бұл ұйым IETF-тің жариялайтын материалдарын бақылап отырады. IETF қызметі - жиналыстарда жиналатын жарналардан, демеушілердің көмегімен, Интернет Қауымдастықтың мүшелік табыстарымен және Қоғамның (ағылш. Public Interest Registry) мақсатын тіркеу табыстарынан қаржыландырылады. 
 
Түйткілдер
* IETF қызмет көрсету негізінде еріктілер ұстанымы және «ықтимал келісім мен орындалатын код» жатыр. Жобалар нәтижені баяу көрсетеді. Волонтерлар аз болғандықтан мақсатқа тез жету қиындау. Көп болса, ортақ келісімге келулері қиын. Оның үстіне волонтерлар айтарлықтай жауапкершілікті болмай шығады.   
* Кері үйлесім. Жүз миллиондаған қолданушылар қауымдастықтарының поштасын жіберу үшін қолданатын SMTP сияқты хаттамалар үшін титтей болса да пайда болған өзгерістің кедергісін есепке алу өте маңызды. Себебі, ол кері үйлесімділікке бастайды. 
IETF-те стандарттарды жасауды жылдамдату бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Алайда талқылауға қатысатын волонтерлар саны тым көп болғандықтан шешім қабылдау шегеріліп келеді. 
 
Құрылым 
Негізгі техникалық жұмыстың бәрі жұмыс топтарында жүргізіледі. Талқылау – жиналыстарда және поштамен жіберілтетін сілтемелерде жүргізіледі.
 
Тарихи анықтама
1986 жылдың 16 қаңтарында IETF-тің тұңғыш жиналысы өтті. Содан бастап оның бұл ұйымның жұмысы жүре бастады. Кездесуге үкімет қаржыландырған 21 зерттеуші қатысты.IETF бұрын жұмыс істеген Тораптық алгоритмдер мен ақпарат құрылымы Тобының (ағылш. GADS Task Force) ізбасары болды.  
Бастапқыда кездесулер тоқсан сайын өтіп тұрды. Бірақ 1991 жылдан бастап жылына 3 рет өтетін болды. Мемлекеттік емес ұйымдардың адамдары бұл кездесуге IETF төртінші жиналысынан бастап келетін болды. Содан бері IETF-тің жиналыстарына кез келген адам қатыса алады. Өндірушілер үшін жиналысқа қатысу міндетті емес. Себебі, негізгі жұмыстың бәрі поштаға хат жіберу арқылы бітеді.  
Алғашқы кездесулерде адам көп болмайтын. Алғашқы бес жиналыста 35-тей адам жиналды. 12 жиналыста (1989 жылыдң қаңтарында) 120 адам келді, бұл максималды аудитория жинаған жиналыс болды. 1990 жылдан бастап қатысушылардың саны да артты, қамтыған қызмет аясы да ұлғайды. Ең көп адам жиналған жиын (2180 адам) 2000 жылы желтоқсан айында Сан-Диегода өтті. Өндірістік қайта құрудан кейін екі мыңыншы жылдардың басында қатысушылар саны кеміді. Қазіргі кезде олар 1200 адам боп қалды.  
1990 жылдардың басында IETF АҚШ үкіметіне қарасты ұйымнан ашық әрі халықаралық тәуелсіз ұйымға реорганизацияланды. Интернет Қоғамына қарағанда жанама қалыпқа өтті.
Қатысушылар, жарияланымдар, қатысқан елдер жайындағы ақпарат ашық, оған қоса демеушілер де ашық айтылған. IETF-те жеке адамдар да, корпорациялар да, үкіметтер де қатыса алады. 
 
Естен Ербол 
Бағдарламашы

 

Жарнама орны

Esten TechIETF - Мазмұны және түйткілдер

Барлық құқықтар қорғалған

IETF - Интернеттің инженерлік кеңесі
IETF - Ресми түрде интернет қоғамның бір бөлшегі

Ұқсас тақырыптар