Жалпыламалық сұрақ-жауаптар 900 - 1000

admin 2019-01-03 Қысқаша

Сұрақ-жауаптар...

Сайттағы барлық жобалар тегін қолданысқа берілген, жоба авторы Естен Ербол

 

901. Әлемдегі ең көп сөйлейтін тіл - Ағылшын тілі .

 

902. Ағылшын тілінде 983 миллион сөйлеуші бар .

 

903. Ағылшын тілі - БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады.

 

904. Ағылшын тілі - халықаралық тіл .

 

905. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі.

 

906. БҰҰ-ның ресми тілдері - Ағылшын тілі , Испан тілі , Араб тілі , Француз тілі , Орыс тілі .

 

907. Филантропия - адамдарды сүю, адамгершілік деген мағынаны білдіреді.

 

908. Филантроп -  мұқтаж жандарға (жеке тұлғалар, ұйымдар мемлекеттік институттарға, мемлекеттерге) материалдық көмек көрсетуге бағытталған іс-әрекетті ұйымдастырушы.

 

909. Симон Боливар - Оңтүстік Америкадағы испан отарларының тәуелсіздігі үшін күрес басшысыларының ең беделді және атақтысы. Венесуэланың ұлттық батыры. Генерал.

 

910. Kina Malpartida Dyson - Перудің кәсіби әйел боксшысы. Ол 2009 жылғы 21 ақпаннан бастап 2013 жылғы 30 қазанға дейінгі аралықта жеңіл атлетикадан Әлемдік Бокс атағын иеленді.

 

911. Paolo Guerrero - Перулік футболшы, "Фламенго" футбол клубы мен Перу Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы.

 

912. Ауаның ылғалдылығын анықтайтын аспап ?

Гигрометр

 

913. Тәулік ішінде бағыттарын өзгертіп отыратын жел ?

Бриз

 

914. Атмосфераның құрылысы ?

Тропосфера,стратосфера,мезосфера

 

915. Өте биікте, жауын-шашын жаумайтын бұлт ?

Шарбы

 

916. Жылы және суық ағыстардың пайда болу себебі ?

Тұрақты желдер

 

917. Өзеннің ағып шығатын жері ?

Бастауы

 

918. Аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі ?

Жайылма

 

919. Өзендегі су деңгейінің кенет көтерілуі ?

Тасқын

 

920. Кез келген аумақтың табиғат компоненттерінің жиынтығының біртұтас жүйесі ?

Географиялық кешен 

 

921. Өтпелі географиялық белдеу ?

Субэкваторлық 

 

922. Температурасы үнемі жоғары жауын-шашын жыл бойы біркелкі болатын табиғат зона ?

Экваторлық

 

923. Әр жерінде жеке немесе шоқ- шоқ ағаш пен бұта кездесетін көбінесе шөп басқан жазықтар ?

Саванна

 

924. Шөп басқан, ормансыз, жазық жер ?

Дала

 

925. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың 30°-60° ендіктеріндегі белдеу ?

Қоңыржай

 

926. Табиғи күйінде ағаш өсімдігі негізгі орын алатын табиғат зона ?

Орман

 

927. Солтүстік және оңтүстік полюстер төңірегіндегі географиялық белдеу ?

Полярлық 

 

928. Қоңыржай белдеудің қылқан жапырақты ормандары ?

Тайга

 

929. 20º және 30º еңдіктер аралығында орналасқан табиғат белдеуі ?

Тропиктік

 

930. Мүк пен қына, бұта өсетін мәңгі тоң таралған жерлер ?

Тундра 

 

931. Климаты өте құрғақ, өсімдігі әрі жұтаң, әрі сирек аумақтар ?

Шөл

 

932. Canon - Штаб-пәтері Жапония, Токио қаласында орналасқан .

 

933. Canon - бейнелеу, өңдеу және басып шығару, медициналық диагностикалық құрал-жабдықтар, сондай-ақ ақпараттық технологиялар мен хабар тарату саласындағы шешімдерді әзірлеу үшін түрлі өнімдер шығарумен айналысады .

 

934. Canon - Компанияның тарихы 1933 жылы оптикалық құрылғылар лабораториясының екі Токио инженерлері тарапынан басталады.

 

935. Canon EOS (Electro-Optical System) - 35 мм автофокус пленкасы және Canon компаниясы шығарған сандық бір линза рефлекторлық камера. Сериядағы бірінші камера 1987 жылы шығарылған Canon EOS 650 болды.

 

936. Canon EOS - «Электро-Оптикалық жүйе» деген ағылшын сөз тіркесінің қысқартылуы .

 

937 . Canon EF бейнесурасы EOS ауқымының негізі болып табылады және камераға орнатылған линзаны жылдам өзгертуге мүмкіндік береді. EF линзаларында электрондық фокустау механизмі бар.

 

938. 35 мм фильм EOS камералары :

Q1.PNG

Q2.PNG

 939. Рим сандары :

1 I
2 II
3 III
4 IV
5 V
6 VI
7 VII
8 VIII
9 IX
10 X

 

1 I unus
5 V quinque
10 X decem
50 L quinquaginta
100 C centum
500 D quingenti
1000 M mille

 

940. Nikon – суреттерді өңдеу үшін оптика мен электронды жабдықтар дайындайтын жапон компаниясы. Nikon Mitsubishi Groupтың құрамына кіреді. 1917 жылы 25 шілдеде Nippon Kogaku K.K., атауымен жарыққа шыққан, 1988 жылы атауы өзгертілген. Президенті — Мичио Кария .

 

941. Nikon Corporation 1917 жылы оптикалық жабдық шығаратын 3 компанияның (Seisakusho, Iwaki Glass Co, Fujii Lens) бірігуінен пайда болған.

 

942. Nikon - Компания Жапонияның әскери флотына оптикалық приборлар өңдеумен айналысқан.

 

943. Nikon - 1962 жылы компания Токия обсерваториясына 91 см-лік телескоп рефлектор ойлап шығарады.

 

944. Nikon - 1974 жылы Kiso обсерваториясында 105 метрлік Шмидт телескобы тұрғызылады.

 

945. Nikon - 1963 жылы су астын түсіруге арналған объективтері ауыстырылатын Nikonosu фотоаппараты өндіріледі.

 

946. Nikon - 1980 жылы NASA ғарыш ұшуына қатысқан Nikon F3 фотоаппараты жарық көреді. 1982 жылы жаңа түрлі түсті S-100 видео камера ойлап табылады.

 

947. Көлемі жөнінен екінші материк ?

Африка

 

948. Ең ежелгі бір тұтас материк ?

Пангея

 

949. Жаңа Зеландияны ашқан саяхатшылар ?

Дж.Кук, Абель Тасман

 

950. Мұхиттық аралдардың табиғаты мен халқын зерттеген саяхатшы ?

Н.Н.Миклухо-Маклай

 

951. Жер бедерін қалыптастырушы ішкі күштер ?

Мантиядағы заттар қозғалысы

 

952. Материктік және мұхиттық тақталар шектесетін аймақтардың жағалық бөлігі ?

Материктік беткей

 

953. Белгілі климат зерттеуші ғалым ?

Б.П.Алисов

 

954. Дүниежүзілік мұхит суының алабы(млн.км²) ?

361

 

955. Атлант мұхитының ең терең жері ?

Пуэрто-Рико шұңғымасы

 

956. Дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғары тұздылық (‰) ?

41

 

957. Дүниежүзілік мұхиттың балыққа ең бай аудандары ?

Қоңыржай ендіктер

 

958. Дүниежүзілік мұхиттағы ең қуатты суық ағыс ?

Батыс желднр ағысы

 

959. Адам әрекетінің ықпалымен қалыптасатын табиғат комплекстері ?

Антропогендік

 

960. Географиялық қабықтағы ең ірі табиғат кешені ?

Материк

 

961. Адам әрекеті нәтижесінде өзгеріске ұшыраған табиғат кешендері ?

Антрогендік

 

962. Географиялық қабықтың ырғақтылық заңдылығы ?

Күн мен түннің ауысуы

 

963. Евразияның шығыс шеткі нүктесі ?

Дежнева

 

964. Sony - 1946 жылы Жапонияда құрылған трансұлттық корпорация. Негізі Токио маңындағы Минато қаласында салынған.

 

965. Sony Corporation тұрмыстық және кәсіптік электроника, жоғарғы технологиялық өнімдерді өндірумен айналысады.

 

966. Sony - Сонымен қатар Sony әлемдегі ең ірі медиа компанияларының бірі болып келеді. Sony Music Entertainment дыбыс жазу маркасына, Columbia Pictures және TriStar Pictures киностудияларына, сонымен қатар MGM компаниясының толық фильмдер архивіне ие.

 

967. Fujifilm - Камера, кино және шағын фото зертханаларды шығарушы ретінде танымал жапон компаниясы. 

 

968. Fujifilm - Компания 1934 жылы жұмыс істей бастады.

 

969. Fujifilm - Thomson Reuters-ке сәйкес 2013 жылы әлемдегі ең инновациялық 100 компания тізіміне енді .

 

970. Американың танымал режиссері Стивен Спилберг фильмдерінің көбін Fujifilm өнімдерінен пайдаланады.

 

971. Adobe - компьютерлік бағдарламалық жасақтамалар жасаумен айналысатын компания. Штаб пәтері Сан-Хосе қаласында .

 

972. Adobe -  Компания өз құрылуынан бастап мультимедиялық және шығармашылық бағыттағы компьютерлік бағдарламлық жасақтамалды өндірумен айналысып келеді .

 

973. Adobe -  Компанияны 1982 жылы ақпанда Джон Уорнок пен Чарльз Гешке құрды.

 

974. Adobe -  1985 жылы Apple Computer PostScript-ке оны лазерлі принтерлерде қолдану туралы лицензия берді, соның нәтижесінде қағаз құжаттарды компьютермен басып шығару саласы кең тарады.

 

 975. Джон Варнок - Американдық компьютерлік ғалым және кәсіпкер, Adobe Systems компаниясының негізін қалаушы .

 

976. Чарльз Гешке -  Американдық компьютерлік ғалым және кәсіпкер, Adobe Systems компаниясының негізін қалаушылардың бірі .

 

977. Yahoo - дүние жүзіне әйгілі іздеу жүйесі .

 

978. Yahoo - 1994 жылы қаңтар айында Стэнфорд университетінің аспиранттары Дэвид Файло мен Джерри Янг «Yahoo!» компаниясының негізін қалап, 1995 жылы 2 наурызда үлкен корпорацияға айналдырды.

 

979. Yahoo - Калифорния штатындағы (АҚШ) Саннивейл қаласында компанияның бас кеңсесі орналасқан.

 

980. Yahoo - Alexa Internet статистикасы бойынша интернет әлемінде қатысушылар саны бойынша төртінші орынды иеленеді.

 

981. Оңтүстік Американың солтүстік шеткі нүктесі ?

Париньяс

 

982. Оңтүстік Американы Отты Жер аралынан бөліп тұрған бұғаз ?

Магеллан

 

983. Анды тауының биіктігі ?

6960 м

 

984. Оңтүстік Американың түсті және сирек металдарға бай аймағы ?

Анд тауы

 

985. Оңтүстік Америка өзендері суының мол болып келуі себебі ?

Жауын-шашын мол түсуінен

 

986.Екі материкте орналасқан Африка мемлекеті ?

Египет

 

987. Көлемі жөнінен Африкадан үлкен материк ?

Евразия

 

988. Альпі мен Гималай тауларымен бір мезгілде қалыптасқан Африканың таулары ?

Атлас таулары

 

989. Африканың жанартаулар көп орналасқан аймағы ?

Шығыс Африка таулары

 

990. Африкада биік, әрі ұзын тау тізбектерінің болмауы ?

Ежелгі платформада орналасқан

 

991. Африкада суық ағыстар ... септігін тигізеді ?

Жауын-шашынның азаюына

 

 

992. Австралияның ең биік нүктесі ?

Косцюшко

 

993. Оңтүстік тропик материкті дәл ортасынан кесіп өтуі мынаған әкеп соғады ?

Көпшілік бөлігіне жауын-шашынның аз түсуіне

 

994. Жаңа Зеландияның астанасы ?

Веллингтон

 

995. Тынық мұхитындағы ең терең жер ?

Мариан шұңғымасы

 

996. Тынық мұхитындағы ең үлкен жанартаулық аралдар ?

Гавай

 

997. Жаңа Гвинея аралының байырғы тұрғындары ?

Папуастар 

 

 

998. Антарктидадағы сөнбеген жанартау ?

Эребус

 

999. Қазақстанмен оңтүстігінде шектесетін елдер ?

Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан

 

1000.Қазақстан тәуелсіздік алған жылы ?

16.12.1991 ж.

 

1001.Қазақстанның БҰҰ-на мүше болған уақыты ?

02.03.1992 ж.

 

Дайындаған: Естен Ербол

 

 

Esten TechЖалпыламалық сұрақ-жауаптар 900 - 1000

Барлық құқықтар қорғалған

Жалпыламалық сұрақ-жауаптар 800 - 900
Барлық бағдарламаларды тегін жүктеуге арналған сайт