IETF - Ресми түрде интернет қоғамның бір бөлшегі

admin 2018-07-31 Қысқаша

IETF көптеген жұмыс топтарынан тұрады. Оның үстіне ресми емес талқылау жұмыс топтары бар. Жұмыс топтары тақырыптық салалар ішінде қалыптасады ......

Сайттағы барлық жобалар тегін қолданысқа берілген, жоба авторы Естен Ербол
Жұмыс топтары
IETF көптеген жұмыс топтарынан тұрады, Оның үстіне ресми емес талқылау жұмыс топтары бар, Жұмыс топтары тақырыптық салалар ішінде қалыптасады. Ағымдағы топтар:
* Қосымшалар (немесе қосымшалар тарауы, ағылш. application area);
* Негізгі сала (ағылш. general area);
* Интернет-сала (ағылш. Internet area);
* Операцияларды басқару саласы (ағылш. operations and management area);
* Интерактивті қосымшалар және инфрақұрылым саласы (ағылш.real-time applications and infrastructure area);
* Маршрут жүргізу саласы (ағылш. routing area);
* Қауіпсіздік саласы (ағылш. security area);
* Көлік саласы (ағылш. transport area).
 
Әр саланың жұмысын қадағалайтын директор бар (ағылш. area director) көбіне бірнеше директорлар болады. Олар жұмыс тобының төрағаларын тағайындайды. Мақсатты айқындайтын құжаттарды таратады. Оның мерзімін айқындайды. Мақсатқа жеткен кезде топ әдетте таратылады. 
Кей кезде ғана топтың алдына жаңа мақсат қойылады. 
Топқа қатысу әр адамға қолжетімді. Бәрі ашық жүргізіледі. 
Талқылау  IETF-тің ашық кездесулерінде жасалады немесе пошта арқылы сілтемелер жіберіледі. Шешім қабылдаудың басты шарты хат жазысатын қатысушылардың келісімі. Мұндай кезде дауыс берілмейді. Ақырғы шешімді «ықтимал келісім» бойынша қабылдайды.
 
IETF ресми түрде Интернет қоғамның (ISOC) бір бөлшегі. 
IETF қызметін қадағалауда зор рөлді Интернет сәулетінің кеңесі (IAB) ойнайды - бұл ISOC-тың техникалық кеңесшілерінің тобы. Бұл топ: 
* IETF сыртқы байланыстарын қадағалайды, IETF-тің RFC (ағылш. RFC Editor) редакторлар тобы мен байланысын қадағалайды;
* Интернет-технология (ағылш. Internet Research Tas kForce) дейтін зерттеу тобын басқарады, бұл топ ІETF-ке параллельді тұрғыда ұзақ мерзімді жобаларды жасайтын топ;
* IETF үшін жауапкершілікті Administrative Oversight Committee (IAOC) алады — бұл ұйым IETF Admin istra tive Support Activity (IASA) де қадағалайды. Бұл топ IETF-тің стандарттарды жасауында әкімшілік және қаржылық қолдау көрсетеді.
 
IETF жылына үш рет жиналыс өткізеді. Бірінші және екінші жиналыс арасында үміткерлерлі ұсынатын комитет құрылады. Оның құрамына кем дегенде бір топтың төрағасы кіреді. Кездейсоқ таңдалған 10 волонтер кіреді. Олар үнемі IETF жиналыстарына қатысқан адам болуы керек. Интернет қоғамның (IESG, IAB және ISOC Boards of Trustees) 2-3 адамы мен бастықтары кіреді. Комитеттің міндетіне IESG, IAB, IASA және IAOC қоғамдарының мүшелерінің лауазымдарына ревизия жасау (тағайындау, қайта тағайындау, қысқарту) кіреді. Осы уақытқа дейін комитет бірде бір адамды қысқартпады.
      
Жиналыс
Жылына 3 рет өткізіледі. Әрбірі дүйсенбінің таңынан жұманың 15-15 дейін өтеді. Жаңадан келгендерді жиналыстан бұрын болатын жексенбі күні жаттықтырып және техникалық білімін көтеруге көмектеседі. IETF қосылғысы келетіндерге толық ақпаратты «Дао IETF» береді. 
Жиналысты өткізу жері үнемі өзгеріп отырады. Өткен жиналыстар мен өтетін жиналыстардың өту жерін IETF кездесулерінің парақшасынан тауып алса болады. IETF жиналысты волонтерлар көбірек жиналатын жерге қарай жылжытады. Көп уақыттан бері жылдық 3 жиланыстың екеуін Солтүстік Америкада өткізді, ал бірін не Еуропада, не Азияда өткізіп жүрді. (Бір жыл Еуропада, бір жыл Азияда).
Қазіргі кезде 2 жылдағы 3 жиналысты Солтүстік Америкада өткізуге тырысады, 2 Еуропада, 1 Азияда өткізеді. Бірақ жиналысты өткізудің басты шарты корпоративті демеушілікке тіреледі. Сондықтан жоғарыда көрсетілген кесте кейде рөл ойнамай қалады. Себебі, ұйымдастырушылыққа кететін шығынды азайтқысы келеді.  Көмекші ұйымдар IETF тек стандарттарды жасаумен айналысады. Құқықтық және қаржылық мәселені IASA (IETF Administrative Support Activity) және IAOC (IETF Administrative Oversight Committee) сияқты ұйымдар шешеді.  
* IESG (Internet Engineering Steering Group) — IETF қызметі салаларының директорлар тобы. Ойлап табуды, жасауды, жұмыс топтарын таратуды қадағалайды. 
* IANA (Internet Assigned Numbers Authority) — IETF белсенділігін хаттамалар (DNS, портыTCP) есептей отырып тіркеу мен шұғылданады. 
* RFCEditor — редакциялаумен, форматтаумен, жариялаумен, оғанқоса RFC-құжаттарды сақтаумен шұғылданады.* IETFSecretariat — материалды-техникалық тұрғыда қамтамасыз етеді, (жиналыспен поштадан жіберілдетін хаттарды қадағалайды, веб-сайтты қадағалайды, IESG-ке көмектеседі, «шала» құжаттардың тәртібін сақтайды). 
IETFTrust — 2005 жылдан бастап зияткерлік мүлік құқығын сақтаумен шұғылданады. Оның құрамында IAOC мүшелері бар. 
IETF-те ресми ұйым жоқ, мүшелеріде жоқ. Міндетіде жоқ.
IETF-тің қызметін қадағалайтын ұйымдар жоба ақырына дейін жасалып, қазір бар және басқа топтар жасап жатқан жобалармен сәйкестенетінін қадағалайды. Олар нені қалай жасау керектігін бұйырмайды. 
 
Естен Ербол 
Бағдарламашы

 

Esten TechIETF - Ресми түрде интернет қоғамның бір бөлшегі

Барлық құқықтар қорғалған

IETF - Мазмұны және түйткілдер
Естен Ербол : HTML5 Тег білімдері - 3

Ұқсас тақырыптар