Сайттағы барлық жобалар тегін қолданысқа берілген, жоба авторы Естен Ербол |
Заманауи веб-құрылымдағы HTML5 деген не?
Сайт заманауи белгілеу тілі - HTML5 –ке арналады.
Сайттың мақсаты: сіздерге HTML5 туралы барынша көп мағлұмат беру.
HTML5 тілі туралы кітап, энциклопедия, сонымен қатар, анықтамалық, әрі HTML жаңадан қолданушыларға арналған кітап ретінде де ұсынылады. Сайттың тапсырмасы – келесідей түсініктер қалыптастыру:
Заманауи веб-құрылымдағы HTML5 деген не?
HTML5-те қандай жаңа технологиялар пайда болды?
HTML5 тілі HTML4 пен XHTML тілінен немен ерекшеленеді?
Қазіргі уақытта HTML5 қолдану қажет пе?
HTML5 деген не?
HTML5 – бұл мобильді сайттар мен қосымшаларды тиімді пайдалану үшін арналған веб-индустрияның дамуындағы жаңа технология. Алдымен HTML5 тілінің спецификациясын жасаған кездегі көңіл аударылатын негізгі моменттерге тоқталайық.
Біріншіден : сайт жасауға байланыстының барлығы дерлік жинақылыққа (бейімділікке) ұмтылады, яғни, сіз ашқан кез-келген сайтты кез-келген құрылғыда, мейлі компьютер, ноутбук, планшет немесе смартфонда болсын ашып қолданыла алуға бейімделеді. Бұл жағдайда сізге HTML5, CSS3, заманауи JavaScript (және оның кітапханасы) секілді жаңа технологиялар, тіпті веб-дизайндағы жаңа тренд Flat-стиль көмекке келеді.
Екіншіден : HTML5 –дің негізгі құраушыларының бірі семантика болып табылады, бұдан кейін әр тег өзінің сол контентін форматтап қана қоймай, әрі мағыналық жүктемеге де ие болады. HTML5 –де құрастырылған сайттарды талдайтын бағдарламалар тегтер арасында қандай мәліметтер бекітілгенін, олардың мағынасы мен мазмұны қандай екенін де түсінуі қажет.
Үшіншіден : HTML тілінің плагиндерге тәуелді болмауына қатты көңіл аударылады. Жақында әуен, видео, анимация, ойын, барлығында да компьютерге және браузерге басқа бағдарламалар жүктемей-ақ жұмыс істеуге болады.
Төртіншіден, енді тура кодтың өзінде микробелгілеуді және бұрын XML бөлшегі болған спецификацияны пайдалануға болады, мысалы HTML-құжаттың кодында SVG спецификациясын пайдлануға болады.
HTML5-те қандай жаңа технологиялар пайда болды?
HTML5-те вебмастерге қызықты мүмкіндіктерге жол ашатын көптеген технологиялар пайда болды, оның ішінде:
canvas элементі (тег) – векторлық графика құруға, оны анимациялауға, тіпті ойындар құрастыруға мүмкіндік береді. Бұл технологияның мақсаты – сайттағы флеш анимациялардың толықтай орнын басу.
Шектеулі мәліметтерді сақтау бойынша жұмыс істегенде Cookies файлдарына қарағанда біршама жеңіл істелінетін жаңа технологиялар пайда болды.
Тұтынушының орнын geolocation арқылы анықтау мүмкін болды.
Жоғарыда аталғандай, әуен, видео, анимация, ойын, барлығында да басқа плагинге қосылмай-ақ тыңдауға болады.
Басқа да технологиялар.
HTML5 тілі HTML4 пен XHTML тілінен немен ерекшеленеді?
HTML5-те HTML-құжаттың құрылымы біраз өзгерді, мысалы, тек бір ғана доктайп қалды, жаңа тегтер мен атрибуттар, бетті жоғары, төмен, екі жағынан бөлікке бөлетін семантикалық бөлгіштер пайда болды.
HTML4-гі көптеген тегтермен атрибуттар енді ескірген деп есептеледі. Бірақ, соның өзінде, алдыңғы HTML3, HTML4 және XHTML сияқты белгілеу тілдерімен толықай сәйкестігін сақтап қалды.
HTML5 спецификациясында DOM технологиясында JavaScript бағдарламалау тілінің бетіндегі элементтердің қалай өзара жұмыс істеулері керектігін көрсетіп берді. HTML5 спецификациясына браузерлер HTML-кодта кездесетін қателіктерді қалай түзетулері керектігі туралы сипаттама енгізілді (бұл браузер дайындаушылар үшін маңызды). Осыған дейін браузер дайындаушылар арасында тек браузердің қатесі жоқ кодты дайындауы туралы ғана сипаттама болған еді.
Қазіргі уақытта HTML5 қолдану қажет пе?
Ия, қажет! Барлық дерлік ірі ойын веб-индустриялары HTML5 қолдануға көшті, себебі бұл тіл - толықтай болашақтың тілі. Барлық заманауи браузерлер HTML5 тілін тұтынады.
Қорытынды :
HTML5 дайындайтын W3C және WHATWG ұйымдары келешекте жаңа тілге нөмірлеу қоймауға келісті, ендігіде және келешекте еш сандық нөмірлеусіз тек HTML деу жеткілікті болады. Тілде пайда болатын жаңа элементтер (тег) мен технологиялар (API) жәй ғана қолданыстағы спецификацияға қосымша енгізілетін болады.
Естен Ербол
Esten Tech: Естен Ербол : Заманауи веб-құрылымдағы HTML5 деген не?